#Abai175: Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан эстафетаны қабылдады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, «Ақ Жайық» газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9 – сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай–ақ, кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев жолдаған болатын.

Атырау облысының әкімі Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты шығармасын оқып, эстафетаны профессор Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа, экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар