#Abai175: Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі поэтикалық челленджді қабыл алды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстандағы ҚР елшісі Дархан Сатыбалды Абай шығармашылығына арналған эстафетаға қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді қазақстандық дипломат Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловтан алды. Ол өз кезегінде эстафетаны қазақстандық әріптесі ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен қабылдаған болатын.

Қазақстан елшісі Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлеңін қазақ тілінде оқыды. Және поэтикалық эстафетаны Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Минхожиддин Хожиматовқа, сондай-ақ қазақстандық сенатор Мұрат Бахтиярұлына жолдады.

Авторы: Мирас Қуандықов







Соңғы жаңалықтар