#Abai175: елордалық 700 әртіс ресейлік әріптестеріне эстафета жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН.  ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының солистері Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін акапеллада орындап,  музыкалық эстафетаны ресейлік әріптестеріне жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай басталған ақын шығармаларын оқу эстафетасын қоғам қолдап, алыс-жақын шетелдіктерге де жолдауда. Осы орайда филармонияның 700 әртісі ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Бұл ақын мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған флешмобтардың ішінде қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш. Филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов қазақтың ұлы ақыны, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың мерейтойын атап өту маңыздылығына тоқталып, эстафетаны ұжым атынан   Ресей Федерациясының филармонияларына жолдады», - делінген қалалық филармония таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар