#Abai175: Димаштан эстафета қабылдаған Ақтөбенің әкімі көл жағасында өлең оқыды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің әкімі Оңдасын Оразалин Шалқар көлінің жағасында «Білімдеден шыққан сөз» өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армысыздар қадірменді қазақ елі, Ұлы ақын-ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жүріп жатқан эстафетаны әлемді әсем әуенімен тербеп, қазақ өнерінің жарық жұлдызына айналған жерлесіміз Димаш Құдайбергеннен қабыл алдым.


«Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз.

Жүрегі - айна, көңілі - ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез?»


Өз кезегінде осы өлең оқу эстафетасын сыйлас досым Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановқа, көк туымызды көкте желбіретіп, қазақ елінің намысын қорғап жүрген батыр ұлымыз Қанат Исламға және күміс көмей дауысымен халықтың жүрегінен орын тапқан әнші қарындасымыз Жанар Айжановаға жолдаймын!», - деді Оңдасын Оразалин.


Айта кетейік, эстафетаны оқушы бастап, оны Президент Қасым -Жомарт Тоқаев жалғастырған болатын. Димаш Құдайберген өлең оқып, эстафетаның бір тармағын облыс әкімі Оңдасын Оразалинге жолданған болатын.


Соңғы жаңалықтар