#Abai175: Димаш Құдайберген Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Абайдың 175 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші Instagram-дағы парақшасында Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыған видеосын жүктеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым. #dears -тарға жолдаймын. #Abai175 ____________________ С большим уважением я принял эстафету прочтения стихов от Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, посвященный 175-летию великого мыслителя и поэта Абая. В свою очередь я передаю эстафету акиму Актюбинской области - Ондасыну Сейиловчу Уразалину, Народному артисту Российской Федерации Игорю Яковлевичу Крутому, и моим дорогим #dears. ____________________ With great respect I accepted the challenge from Kasym-Zhomart Tokayev, the President of the Republic of Kazakhstan, devoted to 175 anniversary of Abay, the King of Kazakh literature, to recite a piece of great poet's verses. I throw down a challenge to contribute to making the verses of Abay known to the world to the governer of the Aktobe region - Ondasyn Seiyluly Orazalin, music composer of the Russian Federation - Igor Yakovlevich Krutoy, , and to My #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 10 Июл 2019 в 1:21 PDT

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым» . Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым #dears-тарға жолдаймын» деп жазды әнші постында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Кеше білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін жатқа оқып, эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, ЖОО ректорларына, оқушылар мен студенттерге жолдады.




Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлы өлеңдерінен үзінді оқыды. Ол Абай жырларын жатқа оқу эстафетасын Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке, сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткеріне жолдады.

Соңғы жаңалықтар