Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

#Abai175: Дәурен Абаев Абай өлеңін жатқа оқыды

2019 жылғы 12 шілде 10:00 467
Бөлісіңіз:
#Abai175: Дәурен Абаев Абай өлеңін жатқа оқыды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Абайдың  «Жігіттер ойын арзан, күлік қымбат» өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзінің Facebook парақшасында жариялаған видеода министр тоғыз жастағы Ләйлімшырақ Ерланқызы жолдаған эстафетаны қуана қабылдағанын айтады.

«Ләйлім есімді кішкентай қызымыз Абайдың мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған  да жолдаған екен. Абай шығармалары әлі күнге өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті ұлы ойшылымызды әлем мойындайды. Сондықтан, бұл бастаманы мен де үлкен қуаншыпен қабыл алдым», - деген Дәурен Абаев ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінен екі шумақ үзінді оқыған.

«Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин мырзаға және айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ханымға жолдаймын», - дейді мнистр виедоның соңында.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT