#Abai175: Білім және ғылым министрі Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым миинстрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен үзінді оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны министрге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған болатын.

«Ұлы Абайдың жас ұрпақтың білім алып, ғылымды игеруге айрықша мән бергені оның өлеңдерінен, қара сөздерінен байқалады. Абай атамыз әр адамды ең бірінші кезекте өзіне және біліміне сенуге шақырады», - деді А. Аймағамбетов.

Ол Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін жатқа оқыды.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де,түбін көзде,

Сонан тапқан-шын асыл тастай көрме.

Кезекті эстафетаны министр еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, ЖОО ректорларына, оқушылар мен студенттерге жолдады.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды.



Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артуда. Сондай-ақ, ҚР Президенті мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар