+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

#Abai175: Берік Уәли эстафетаны жалғастырды

2019 жылғы 16 шілде 14:49
Бөлісіңіз:
#Abai175: Берік Уәли эстафетаны жалғастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай өлеңін оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер.



Осы эстафетаны Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достар Нұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым», - деп жазады Берік Уәли facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол Абай күллі қазақтың темірқазығы, алты Алаштың рухани азығы! Сондықтан, ешбір қазақ баласы осы эстафетадан тыс қалмайтындығын жеткізді.

«Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова ханымға және айтыскер ақын Ринат Зайытовқа, сондай-ақ, барша әріптестеріме жолдаймын», - деді ол.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, #Аbai175,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT