#Abai175: Ақтоты Райымқұлова Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлы өлеңдерінен үзінді оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны министрге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған болатын.

«Елімізде Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғанын білесіздер. Күні кеше сол тізгінді мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан қабыл алдым. Бар қазақтың ғана емес, адамзаттың алып ақыны - ұлы Абай жырларын жатқа оқу эстафетасын мен Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткеріне және майталман жастарға жолдаймын», - деді министр өзінің facebook парақшасында.



Айта кетсек, әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артуда. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар