+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Ұрланған телефондар әзірге бұғатталмайды - Абаев

2017 жылғы 21 маусым 12:25
Бөлісіңіз:
Ұрланған телефондар әзірге бұғатталмайды - Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, жақын арада ұялы телефондарды тіркеуге қатысты арнайы бұйрық шығады. Алайда, бүгінде жүздеген IMEI-кодтардың ұқсас болуы аталған шараларды жүргізуге қолбайлау болып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ұялы телефондарды тіркеу қажет. Себебі бүгінде осы салада ұрлық көп. Ал ұялы телефондарды тіркейтін болсақ, ұрланған кез келген телефонды IMEI-код арқылы бұғаттауға болады. Ол үшін абонент арыз береді. Ал ұялы байланыс компаниясы оның телефонын бұғаттап тастайды. Сонда ұрлықтың көлемі де азаяды. Себебі телефонды ұрлаған адам оны пайдалана алмайды", - деді Абаев бүгін xалық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, осы салада бір кедергі бар. Ол - жүздеген IMEI-кодтың ұқсас болуы. "Қазір Қазақстанға келіп жатқан 200 ұялы телефонның бір IMEI-коды бар. Бір телефон ұрланса, барлық аппараттарды бұғаттауға тура келеді. Осы жағынан қиындықтар туындап жатыр. Дегенмен, біз осы саладағы жұмысты жалғастыратын боламыз. Сонда ұялы телефондар ұрлығы тыйылады. Бұл жұмысты биыл болмаса да, бір жарым жылдың ішінде аяқтаймыз деп ойлаймын", - деп атап көрсетті министр.

Абаевтың айтуынша, қазіргі кезде ұялы телефондарды IMEI-код арқылы тіркеудің ережесі әзірленіп жатыр.

"Аталған ережелер екі-үш аптаның ішінде аяқталады деп ойлаймын. Осыдан кейін IMEI-кодтар бойынша ұрланған телефондардың базасы құрылады (...) Әзірше ұялы телефондар бұғатталмайды. Алайда ұрланған телефонның IMEI-коды қайталанбаса, онда бұғаттайтын шығармыз", - деді ол журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, қазіргі кезде қазақстандықтардың қолданысында 30 млн-ға жуық ұялы телефон бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT