Абаев шетелде тілшілер қосындарын ашуды қолдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен сарапшылар кездесуінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының шетелдегі тілшілер қосындарын ашу мәселесі көтерілді. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі аталған бастаманы қолдайтынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесудің модераторы, саясаттанушы Ерлан Қарин шетелге барғанда «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен «Хабар 24» арнасына тиесілі тілшілер қосындарының жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп: «Аталған бөлімшелер Қазақстанның ғана емес, жалпы Орталық Азияның жалғыз өкілдері екен. Демек, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары тұтас аймақ үшін жалғыз ақпарат көзі болып саналады», - деді Е.Қарин.

Министр Абаев өз кезегінде тілшілер қосындарын ашуды қолдайтынын жеткізді. «Меніңше, тілшілер қосындары қажет. Әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ сияқты елдерде, сондай-ақ Орталық Азия мен Еуропаға кіретін негізгі әріптес мемлекеттерде ашу қажет. Осы саладағы жұмыс жалғаса береді. Әрине, бұның барлығы ақпарат саласындағы мемлекеттік тапсырысқа байланысты. Мәселен, жеке меншік телеарналар мен ақпараттық агенттіктер шетелде өз тілшілерін ұстай алмайды. Себебі оған да қыруар қаржы қажет», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар