Абаев: Президент Үкімет жұмысын қайта форматтауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Үкіметтің кеңейтілген отырысында оның жұмысын қайта форматтау тапсырылды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында осыған байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптаның соңында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты көпшілік болжам жасады. Сіз бұған қатысты қандай пікір білдіресіз?» деген сұраққа министр жауап берді,

«Әдетте мұндай әңгімелер кейін жеке сарапшылардың пайдасына шешіліп, жазылушылар қатары көбейеді. Адамдарға болжамның орындалған-орындалмағаны емес, осы процестің өзі ұнайтын сияқты. Біз бұдан да маңызды нәрсені ұмытпауымыз керек: ешкім шоу жасамақ болған жоқ. Күн тәртібінде өте маңызды сұрақтар болды», - деді Дәурен Абаев.

Ол Президент экономика, қаржы және халықтың әл-әуқаты туралы баяндама оқығанын айтты.

«Президент айтқан кілт сөз - Үкіметті қайта форматтау. Ол сілкініс керек екені, батыл қадамдар жасау керектігі туралы айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы бізге жайлылық аумағынан шығу керек екенін ашық айтты. Ол Үкімет жұмысына қатысты қысқа және ыңғайлы жоспар құру туралы тапсырма берді. Бұл жоспарланған және нәтижелі реформаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам болады деп ойлаймын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар