Абаев: Өңірлік баспасөз Қазақстанның жаңғыруына салмақты үлес қоса алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлік баспасөз Қазақстанның жаңғыруына салмақты үлес қоса алады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Өңірлік БАҚ форумында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен аймақтық масс-медианы сапалы жаңа деңгейде дамыту жұмыстарын жүргізуге ниетті. Ал бүгінгі шара осы бағыттағы алғашқы қадам ғана. Бұл неліктен маңызды? Өйткені, қоғамда өңірлердің, моноқалалардың, аудандар мен ауылдардың өзекті проблемаларына қатысты сапалы ақпаратқа деген сұраныс артып отыр. Баспасөз әр уақытта да мемлекеттік органдарды жақсы, ашық және тиімді жұмыс істеуі үшін қамшылап отырады», - деді Абаев.

Министрдің айтуынша, жергілік БАҚ барынша дами түскен сайын жергілікті билік деңгейіндегі өзар іс-қимыл барынша жемісті бола түспек. Осы ретте ол америкалық зерттеу нәтижесін мысалға келтірді. Оған сәйкес, жергілікті БАҚ аудиториясының көлемі сайлаудағы дауыс берушілердің жоғары келуіне, сайлауалды уәделердің орындалуына және тіпті көшелердің тазалығына да деңгейлес болады екен. Яғни, өңірлік баспасөздің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында еліміздің жаңғыртылуына зор үлес қосуына мүмкіндігі бар.

Айт кетейік, шараға Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің өкілдері, республикалық және өңірлік БАҚ басшылары, журналистері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ресейдің танымал тележурналистері қатысуда. Үш сессиямен өтетін форум барысында қазақстандық журналистер мен қоғамды алаңдататын өзекті мәселелер талқылануда.

Соңғы жаңалықтар