Абаев: Әлеуметтік желінің дамуы дәстүрлі журналистика үшін айтулы сынға айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында қонақ болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы журналистік ортаға ортақ мәселе туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама тілшісі Дәурен Абаевтан жуықта сөйлеген сөзіне қатысты сауал тастады.

««Жас қалам» форумында сіз соңғы бес жылда қазақстандық журналистика өзінің өткірлігін жоғалтып алды деген пікір білдірдіңіз. Тілшілер қауымы бұл сөзді әртүрлі қабылдады. Осы ретте сіз нені айтқыңыз келгенін ұғынсақ деп едік», - деді «Ашық диалог» жүргізушісі Александр Климанов.

Бұл сұраққа қатысты министр контекстен алынған осынау сөздің адал әрі шынайы еңбек етіп жүрген журналистердің көңіліне келуі ықтималдылығына түсініктікпен қарайтынын атап өтті.

«Бірақ, егер айтқан өз сөзімнен бас тартар болсам, көпті алдағаным болар еді. Көптеген басылымдардың редакторларының өзі де осы мәселені - журналистік ортада кәсібиліктің төмендеп бара жатқанын жиі көтереді. Әсіресе, жас  кадрларды даярлауда мәселе өткір болып тұр. Әлеуметтік желінің дамуы дәстүрлі журналистика үшін айтулы сын-тегеурінге айналғанын да жасыруға болмайды», - дейді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінгі таңда лайктардың, бөлісулер мен қаралымдардың саны материалға деген талаптарды алмастырып жатқаны шындық.

«Айтылып жүрген клипбейк талдау немесе тергеу материалдарын, репортаждарды көлеңкесінде қалдырып барады. Мен бұл сөзді журналистік ортаға қарсы айтқан жоқпын, мен бәрімізге ортақ мәселені айттым. Бұл үшін де мен салалы министрліктің басшысы ретінде де жауаптымын», - деп түйді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар