Абаев ақпараттық қауіпсіздіктің осал тұсын ашып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сарапшылардың кезекті кездесуінде ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпараттық қауіпсіздікке қатысты сұраққа жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Ашығын айтайын, мен өзім "ақпараттық қауіпсіздік" деген сөзді ұнатпаймын. Себебі оның мағынасы кең. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік мәселесін көтергенде, алдымен, оның астарында ненің жатқанын анықтап алған жөн. Меніңше, біздің ақпараттық қауіпсіздігіміздің ақсап тұрған бір жері - "сұр тарелкалардың" қызметі. Олар - таза шетелдік арналарды көрсететін спутниктік табақтар. Дегенмен, дәл қазір біз ондай қызметке толығымен тыйым сала алмаймыз. Неге? Мәселен, біреулер ол арналар арқылы ағылшын премьер-лигасын көріп отыр. Енді, ондай арналарға шектеу қою үшін сол премьер-лиганы өзімізде көрсететін бір арнаны ұсынуымыз қажет. Ал оның сыртында кәсіби комментаторлар, дыбыс пен картинканың сапасы және тағы басқа теxникалық мәселелер бар", - деп атап көрсетті министр.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстандағы шетелдік телеарналар өз бөлімшелерін ашуы шарт. Бұл - заңның талабы. Ал бөлімшенің жетекшілігіне Қазақстан азаматы тағайындалуы қажет.

Соңғы жаңалықтар