«ABAD» ұйымы мен Түркістан облысы әкімдігі келісім жасады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Кеше, 5 шілдеде Әзербайжан Республикасының Президенті жанында құрылған азаматтарға және әлеуметтік инновацияларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік агенттігі, «ABAD» заңды тұлғасы мен Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының әкімдігі арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімге «ABAD» ұйымының директоры Руфат Эльчиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қол қойды.

Құжат Әзербайжан елінің АВАD моделінің негізінде Қазақстан Республикасының Түркістан облысында халықтық сәндік-қолданбалы өнер саласында шағын және микро кәсіпкерлікті дамыту үшін ынтымақтастықты көздейді.

Түркістан облысының делегациясы Әзербайжан қолөнершілерінің бірінші республикалық фестиваліне қатысып, Қазақстан мен Әзербайжан мәдениетінің өзара тығыз байланыста екенін атап өтті.

Әзербайжандықтар Түркістан облысы делегациясының сапары нәтижесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, осы сапарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Мырзалиев Түркістан қаласындағы Шығыс базарының құрылысы бойынша әлеуетті инвесторлармен кездесті. Әзербайжан инвесторлары бұл салаға да қызығушылық танытты. Алдағы уақытта осы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылау және өңірде инвестициялық жобаларды іске асыруды бастау үшін жауапты сапар жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар