+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

АӘК тағайындау: Тараз әкімдігінің қызметкері пара алды деп айыпталды

2019 жылғы 18 қараша 13:32
Бөлісіңіз:
АӘК тағайындау: Тараз әкімдігінің қызметкері пара алды деп айыпталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Министр Біржан Нұрымбетов ақтөбеліктерді жеке қабылдады АӘК: Батысқазақстандықтар 9,3 млн теңгені мемлекетке қайтарды Еңбек министрі БҚО жұртшылығына АӘК төлеудің жаңа тетіктерін түсіндірді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманын әшкереледі. Ол атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін тұрғыннан 199 500 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жедел өткізуге өтініші мен келу туралы жазбаша міндеттеме беруіне байланысты, оған қатысты процессуалдық қамау қолданылмады», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен.

Шенеуніктің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT