+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

АӘК-ке өтінішті Электрондық үкімет порталында беруге болады

2021 жылғы 10 маусым 16:55
Бөлісіңіз:
АӘК-ке өтінішті Электрондық үкімет порталында беруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуінде атаулы әлеуметтік көмек берудегі заманауи цифрлық шешімдер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

Министр 2020 жылы Қазақстанда ашықтықты, әділдікті және өзара жауапкершілікті күшейту қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа моделі іске асырылғанын атап өтті.

«Атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы енгізілді және табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізілді. Топтаманың құрамын қалыптастыруда денсаулық сақтау, білім беру мамандарының ұсынымдары, жұртшылықтың пікірі ескерілді. 2020 жылы 435 мың бала осындай әлеуметтік топтама алды», - деді министр.

Еңбек министрлігі деректеріне сәйкес, былтыр барлығы 936 мыңнан астам адам немесе табысы аз 185 мың отбасы әлеуметтік көмек алды. Оның ішінде 600 мың бала (64%), 73,5 мың көпбалалы отбасы бар.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 201 мың адам немесе еңбекке қабілетті АӘК алушылардың 74%-ы тартылды, 1,4 мың отбасы өз ісін дамыту үшін жеңілдетілген микрокредит алды.

«АӘК-ті одан әрі жетілдіру мақсатында және алушыларға ыңғайлы болу үшін біз заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырамыз. Мәселен, 2021 жылдан бастап АӘК-ке өтінішті Электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Балаларға арналған әлеуметтік топтама Әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылады. Жаңа «Еңбек» ұлттық жобасы аясында еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылардың табысын арттыру үшін жұмысқа орналастыру, сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, өз ісін ашу немесе дамыту үшін жеңілдікті микрокредиттер мен гранттар беру бойынша кешенді шаралар ұсынылатын болады», – деп түйіндеді С. Шәпкенов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT