+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

АӘК: Батысқазақстандықтар 9,3 млн теңгені мемлекетке қайтарды

2019 жылғы 22 қазан 21:14
Бөлісіңіз:
АӘК: Батысқазақстандықтар 9,3 млн теңгені мемлекетке қайтарды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардан 9,3 млн теңге кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еңбек министрі БҚО жұртшылығына АӘК төлеудің жаңа тетіктерін түсіндірді Алматыда АӘК-ті заңсыз алғандар 3,4 млн теңгені мемлекетке қайтарды Алаяқтыққа барған ақтөбелік отбасы АӘК-ті екі жерден алып отырған

БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қайырғали Нәдірғалиев мәлім еткендей, облыс бойынша күні бүгін 3046 отбасының әлеуметтік жағдайына бағалау жүргізілді.

Соған байланысты тиісті шаралар қолға алынып, 1091 жанұяға АӘК беру тоқтатылды, 99-ына уақытша тоқтатылды, 1616 отбасыға қайта есептелді. Соның нәтижесінде 9,3 млн теңге бюджетке қайтарылды.

Кейбір азаматтар табыстарын жасырған, енді біреулердің жеке кәсіпкерлігі болған. Автокөлігі барлар, үлкен мекенжайда тұрып жатқандар да анықталған. Мұндай деректер Жаңақала, Бөрлі аудандарында, Орал қаласында да кездеседі.

Айта кетейік, биылғы сәуір айынан 1 қазанға дейін БҚО-да 4 млрд теңгеден астам сомаға 11105 отбасыға жаңа үлгідегі АӘК төленді.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті берудің тетіктері өзгереді. Соған байланысты кешенді шаралар қолға алынады. Алдымен, көпбалалы отбасыларға кепілдендірілген жәрдемақы ұсынылып, олардың балаларына қамқорлық ерекше назарда болмақ. Балаларына кепілдендірілген әлеуметтік көмек түрлері (мектепке дейінгі жастағы балаларға тұрақты көмек, барлық оқушылар үшін тегін ыстық тамақ, оқу құралдарымен, мектеп киімдерімен қамту, медициналық көмекті төлеу, қоғамдық көлікте жүру шығынын өтеу) енгізіледі. Сондай-ақ табысы аз азаматтарды қолдау бағытында оларды еңбекке ынталандыру тетіктері қарастырылған», - деді Қ.Нәдірғалиев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT