+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

АӘК алушылардың саны 2 есе қысқарады

2019 жылғы 7 қазан 15:21
Бөлісіңіз:
АӘК алушылардың саны 2 есе қысқарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2 есеге жуық қысқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында «Қамқорлық» жобасы іске қосылды Қазақстандықтар тағы 2 әлеуметтік қызметті SMS арқылы алады Қарағанды облысында қандай сынып оқушылары тегін тамақтана алады

«Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті 306 мың отбасы немесе шамамен 1,6 миллион адам алады. Біздің болжамымызша, АӘК алушылардың саны қысқаруы мүмкін. Бірақ, шамамен 900 мың адам бұл көмек түрін алады деп ойлаймыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, көпбалалы отбасының табысы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны қосқан кезде де кедейшілік шегінен жоғары болмаса, онда мұндай отбасыға жәрдемақыға қоса АӘК-те беріледі. Осы ретте министр мемлекет мұндай қадамға неліктен барып отырғандығын түсіндіріп өтті.

«Мынадай жағдай бар. Екі отбасы да да бес бестен бала бар. Бір отбасы аз қамтылғандар санатына іліксе, екіншісі кірісінің небәрі 400-500 теңгеге асып кетуіне байланысты іліге алмай қалды. Мұндай жағдайда ол отбасы АӘК ала алмайды. Бірақ, біз екі отбасының да өмірлік жағдайлары бірдей екендігін түсінеміз. Сондықтан АӘК ретінде төлеп отырған төлемдердің бір бөлігін отбасы кірісіне қарамастан тағайындалатын жәрдемақыға ауыстыру туралы шешім қабылдадық», - деді Біржан Нұрымбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT