АӘК алған түлкібастық ана көкөністен алғашқы өнімін жинады

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында тұратын көпбалалы ана Нүрилә Қаратаева мамыр айында алған атаулы әлеуметтік ақшасына көкөніс егіп, алғашқы өнімін алды.

Кемербастау ауылдық округінің тұрғыны 15 сотық жеріне мол өнім беретін голандтық аякс сұртты қияр еккен отбасы күн сайын 60-70 келі өнім алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш ұл мен екі қыз өсіріп отырған келіншек атаулы әлеуметтік көмек ретіндегі 340 мың теңгенің 200 мыңына сауын сиыр алғанын айтады. Ал, қалған 140 мың теңгесіне ауладағы жеріне көкөніс еккен.

«Аталмыш бағдарлама іске қосылды дегенде дереу қажетті құжаттарымды жинап, көмек алуға асықтым. Сондағы ойым баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегенім. Расымен де, атаулы көмекті алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, қалай жеткіземіз деген ойлар азайды. Алған өнімімізді Түлкібас кентіндегі көк базарға және консерві зауытына келісін 70-100 теңге аралығында өткізіп, бала-шағамыздың оқуына қажетті киім-кешегін түгендеп, сиырымызға қысқы жем-шөбін дайындаудамыз»,- дейді көпбалалы ана.

Бүгінде тұрмыстық жағдайы біршама жақсарған ауыл тұрғыны осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Мемлекет басшысына көпбалалы ана ретінде алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар