+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

А.Тұрлыбайға есірткіні Қытайда салып жіберуі мүмкін - қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов

2014 жылғы 19 желтоқсан 13:22
Бөлісіңіз:
А.Тұрлыбайға есірткіні Қытайда салып жіберуі мүмкін - қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайда ұсталған 20 жастағы Ақжарқын Тұрлыбайға есірткіні Қытай аумағында салып жіберуі ғажап емес. Бұл туралы оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 20 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында Малайзияға ұшып бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Оның таныстары «luxury» фирмалық киімдерін тасымалдап, ақша табуға үгіттеген.

Қыздың жүгінен полицейлер тыйым салынған зат тапқан. Ақжарқынның қорғаушысы есірткі затын қыздың сөмкесіне біреу Қытайда салып жіберуі мүмкін екенін айтады.

«Өйткені, мұндай тыйым салынған жүк Қытай мен Қазақстанның шекарасынан өтіп кетуі мүмкін емес», - деді ол.

«Осы жерде бір күдікті ой туады. Тыйым салынған жүкті Қытайға барғанда біреулер әзірлеп тұруы мүмкін. Өйткені, ол Қытайдан Малайзияға кетуі керек болған», - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Бар деректерге сүйенсек, Қытайда Ақжарқын жалғыз болмаған. Гуанчжоу әуежайында да оның қасында белгісіз біреулер жүрген. Тек, әуежайда Ақжарқын өзіне белгісіз себептермен Малайзияға ұшпайтынын білген.

«Яғни бұның бәрі алдын-ала жоспарланған дүние екендігін аңғартады», - деді С.Нұрмағамбетов.

Тергеу амалдарына кедергі болмас үшін қорғаушы істің мән-жайын жариялаудан бас тартты. Бірақ ол ҚР СІМ арқылы қорғаушы тарап жіберген дәлелдердің барлығы оның кінәсіз екендігін айғақтайтындығын айтты.

Оның айтуынша, Ақжарқын тұрмысы төмен отбасынан шыққандықтан, бұрын-соңды шетелде болып көрмеген.

«Ол - ауылдың қызы. Отбасын жалғыз өзі асырап отырған. ЖОО-да оқи жүріп, Алматыдағы барлардың бірінде даяшы болып қызмет еткен. Ал енді өзінің бар тапқаны айына 400 доллар болса, ол қалайша Қытайға дейін 1600 доллар, одан Малайзияға дейін 1560 доллар тұратын авиабилетті сатып алады?», - деді қорғаушы.

Адвокат Қытайда осындай жағдайлар жиі орын алатынын әрі Қытайдың сот жүйесі тәуелсіз екендігін айтып өтті.

«Қытай, Малайзия сияқты Азия елдерінде психотропты, есірткі заттарымен қатысты қылмысқа өте қатаң жаза қарастырылған. Есірткі бизнесінің табысы қандай мол болса, тәуекелі де сондай зор. Мен өз басым ҚХР сот мен құқық қорғау жүйесінің әділеттілігіне сенімдімін. Өйткені осы туралы Қытайда жария процестер, қоғамдық талқылаулар жиі болып тұрады», - деді ол.

«Қытай мен Қазақстанды тығыз байланыстырып тұрған ортақ дүниелер өте көп: шекара, экономика, Ұлы Жібек жолының тарихы, халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көліктік дәлізінің құрылысы. Интеграциялық процестің артуына орай екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық та тереңдеп, екі елдің заңнамасын жетілдіру қажеттігі де туып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар Сұңқар Нұрмағамбетов шетелде қиын жағдайға түсіп қалған қандастарымызға көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымын құрғандығын жеткізді.

«Менің қазіргі басты мақсатым - Ақжарқынды Қазақстан-Қытай бағытындағы көлікке билет алып беріп, еліне қайтару», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT