А. Перуашев: «Ақ жол» фракциясы зейнетақы заңнамасы бойынша Президент бастамасын толық қолдайды

None
None
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - «Ақ жол» фракциясы зейнетақы заңнамасы бойынша Президент бастамасын толық қолдайды.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 11-бабы 1-тармағы бойынша қарсылығын талқылау барысында Парламенттегі «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев осылай мәлімдеді.

Фракция жетекшісінің айтуынша, депутаттық корпустың ұстанымы Мемлекет басшысының ұсынымына толық сәйкес келеді. «Президент Үкімет пен Парламенттен зейнетақыны жаңғыртуды қарапайым қазақстандықтардың мүдделерін толық қамти отырып, жүзеге асыруды талап еткен болатын. Сондықтан да, біздің фракция Елбасының 2014 жылдан емес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңімен жүзеге асыру туралы ұсынысын бірауыздан қолдайды. Біз онымен бірге, жұмыс істейтін әйелдердің бала тууына байланысты демалысы кезінде мемлекет есебінен қосымша төлемдерді жүзеге асыру бойынша жасалған бастаманы толық қолдаймыз. Бұл жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің әлеуметтік деңгейін жақсартуға қатысты жауапкершілігін арттырады», деді А. Перуашев.

Соңғы жаңалықтар