А.Мұхамбетов: Шығыны 200 млн. теңгеден асатын мектепті жөндемейміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс билігі мектептерді жөндеу үшін қыруар ақша бөлмейтінін мәлім етті.

«Облыс бойынша күрделі жөндеуден өткен мектептердің үлесі 47 пайызды құрайды. Қазір біз мектептерді жөндеу амалын өзгерттік. Егер қандай да бір мектептің жөндеуіне кететін шығын 200 млн теңгеден асып кетсе, ол мектепті жөндемейміз. Оның есесіне, екі-үш мектепті жөндеуден өткіземіз»,-деп хабарлады әкім.
А.Мұхамбетов сондай-ақ, облыстық бюджеттің 33 пайызы білім саласына бөлінгенін хабарлады. Жалпы, өңірде 536 орта мектеп бар екенін айтқан А.Мұхамбетов өңір бойынша үш ауысымда оқитын немесе апатты жағдайда тұрған білім ошағы мүлде жоқ екенін жеткізді.
«Балабақша мәселесіне келсек, аймақта 167 балабақша бар, облыстағы бүлдіршіндердің 90 пайызы балабақшамен қамтылған. Қазір 1-6 жас аралығында 22 мың бала балабақша кезегінде тұр»,-деді әкім.

Соңғы жаңалықтар