ÁMEN халықаралық анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда өткен Халықаралық ÁMEN Animation film festival-нің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фестиваль қорытындысы бойынша, «Үздік кәсіби анимациялық фильм» аталымын «Как мальчик спас свой город» туындысымен қырғызстандық Данияр Абдукаримов, «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымын «Правила рисовальщика» атты туындысымен башқұртстандық Рим Шарафудтинов, «Үздік сценарий» аталымын татарстандық Сергей Киатровтың «Ревизские сказки» фильмі жеңіп алды.

Сондай-ақ «Үздік қоюшы суретші» аталымына өзбекстандық Дмитрий Власовтың «Flow» және қазақстандық Дастан Кішкентаевтың «Алпамыс» мультфильмі, «Үздік студенттік жұмыс» аталымына қазақстандық Томирис Аралбайдың «Что то спрятанное в темном лесу» атты еңбегі, «Үздік студенттік режиссерлік жұмыс» аталымына қазақстандық Әліби Мұқышевтың «Ластик» жобасы лайықты деп танылды.

Аталғандармен қоса, «Үздік мультхикая» аталымын қазақстандық Жанәділ Байдарбектің «Ырысты ыдыстар» анимациялық сериалы, «Әділ қазылар жүлдесі» аталымын қазақстандықтар Иван Ардашовтың «Абақ және айналу жоралғысы» және Седа Бабаянның «Полет» мультфильмдері, «Көрермен көзайымы» аталымын Жанат Жайлыбайдың «Дала ойындары» мультхикаясы, «Үздік комикс» аталымын Эльвира Тұрғынбаева жеңіп алды.

«Халықаралық ÁMEN Animation film festival-і өз мәресіне жетті! Біз маңызды мәселелерді көтердік. Еліміз үшін ғана емес, бізге қарайлап отырған бүтін түркінің еңсесін көтерер ойлы шара өткізгенімізді сездік. Сырттан бақылаған адамға білінбеуі мүмкін, бірақ, осы өнердің тамыр соғысын сезіп отырған мамандардың шаттығын көрдік, үмітін ояттық, бірлігін нығайттық. Бұл біз үшін фестивальдан да мәнді дүние. Біз үшін «Әмен» деген сөз еңбек, қамқорлық, сенім деген ұғымның баламасы. Әмен Қайдаров дәл сондай болатын. Біз де сол жолда боламыз»,-деп жазды өзінің Facebook парақшасында шараның модераторы Мақпал Жұмабай.

Айта кетейік, осыған дейін елордада анимациялық фильмдар фестивалі өтіп жатқанын хабарлаған едік.






Соңғы жаңалықтар