Ә. Мамытбаева: Қазақстанда өндірілетін сергіткіш сусындарға кофеиннің өсімдіктен алынған сіріндісін ғана қолдану КО талаптарына қайшы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда өндірілетін алкогольсіз сергіткіш сусындарға тек кофеиннің өсімдіктен алынған сіріндісін ғана қолдану - Кедендік Одақтың техникалық регламенті мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына қайшы келеді. Бұл туралы бүгін Алматыда «Кедендік одақтың сергіткіш сусындарын реттеу» халықаралық ғылыми білім беру конференциясы аясында «Алкогольсіз сергіткіш сусындар туралы дақпырттар» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Алкогольсіз сусын өндірушілері қауымдастығының директоры Әлия Мамытбаева мәлім етті.
«Қазақстанда 2013 жылы 19-шы тамызда Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен алкогольсіз сергіткіш сусындардың құрамына қатысты шектеу жарияланған болатын. Соған сәйкес, алкогольсіз сергіткіш сусындарды өндіруде тек кофеиннің өсімдіктен алынған сіріндісін ғана қолдану талап етілген. Қазір отандық өндірушілер негізінен кофе мен шайдан алынған сірінділерді пайдаланады. Ал Кедендік Одақтың нөмірі №21-ші техникалық регламентінде сергіткіш сусындарға кофеинді және оның шай, кофе, гуарана, мате өсімдіктерінен және емдік шөптерден алынған сірінділерін пайдалануға болатындығы айтылған. Сондықтан, бұл қосымша шектеулер Кедендік Одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкес, алынып тасталғаны жөн. Ал бұл, Қазақстанда алкогольсіз сергіткіш сусындар нарығының одан әрі дамуына және осы салада қызмет атқаратын кәсіпорындардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі», - деді Ә. Мамытбаева.
Дөңгелек үстелге Кедендік Одаққа мүше елдердің медицина мен тамақтану саласының беделді әрі тәуелсіз сарапшылары, сондай-ақ, осы салаларда қызмет атқаратын өндірістік кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Басты ұйымдастырушы - ҚР Алкогольсіз сусын өндірушілері қауымдастығы. Оған «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасы қолдау көрсетті.
- Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды
- Бокстан конфедерация кубогы: Елорда құрамасы финалда бақ сынайды
- Нұр-Сұлтанда 2 тоннадан астам зақымданған анар жемісі өртелді
- Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
-
Бокстан конфедерация кубогы: Түркістан облысы финалға шықты
-
2 млн адамның қолы жиналды: Олжас Сүлейменов полигон жабылған күнді еске алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам