А.Есімов: ЖІӨ өсімін қамтамасыз ету - басты міндет

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінгі халықпен кездесуінде қала басшысы Алматының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, болашаққа жоспарымен бөлісті.

«Биылғы күрделі жағдайда аса маңызды басты міндет бар. Ол - ЖІӨ өсімін қамтамасыз ету. Дағдарысқа қарсы бағдарламада 3 сценарий қалыптастырылған. Үшеуінде де ЖІӨ өсімін қамтамасыз ету қарастырылды. Ең бастысы жұмыс орындарын сақтап, әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ету», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда Алматыда ЖАӨ 8 трлн. теңгеге жетті. Бұл ЖІӨ-нің 20 пайызын құрайды.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 649,1 млрд. теңгені құрап, 2013 жылға қарағанда 2,1 пайызға өскен.

Бөлшек тауар айналымы 9,3 пайызды құрап, 1 312,9 млрд. теңгеге жетті. Көтерме сауда айналымы 6,1 пайызға артып, 7527,0 млрд. теңгені құрады. Байланыс қызметінің кірісі 8,4 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 268,2 млрд. теңгені құрады, 2013 жылғымен салыстырғанда 11,7 пайызға өсті. 1330,8 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 2013 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға артық.

Қалада былтыр 123 894 ШОБ субьектісі тіркеліп, өсім 102,4 пайызды құрады. Екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 6290,3 млрд. теңге болатын несие берді. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 39,6 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар