А.Есімов Алматыдағы азық-түлік жәрмеңкесінде болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ОҚО кәсіпкерлерінің 220 мың тоннаға жуық азық-түлік өнімдері саудаға шығарылды.

Жәрмеңкеге «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Алматы қаласының 35 сауда және азық-түлік кәсіпорны қатысты.

Жәрмеңкедегі тауардың сапасы мен бағасын қала басшысы Ахметжан Есімов өзі анықтап көрді.

Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына сәйкес, жәрмеңке сөрелерінде жалпы құны 68 млн. теңге болатын өнімдер сатылған. Қала тұрғындары 87 тонна көкөніс пен жеміс, 68 тонна ет-сүт, 65 тонна шұжық, ұн, жарма, май өнімдерін базар құнынан 15-20 пайызға арзан бағамен сатып алған.

Айта кетейік, ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі соңғы 6 жылдағы азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар