А.Есімов Алматы агломерациясын дамыту мәселелерін талқыға салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала басшысы Ахметжан Есімовтың төрағалығымен қаланың агломерациясын қалыптастыру жайлы отырыс өтті.

Қала басшысы Алматының құрамына енетін аймақтарды дамыту стратегиясының маңыздылығын ескере отырып, қаланың агломерациясын қалыптастыруда Алматының мүддесін ескеру қажеттігін айтып өтті.

Оның айтуынша, аталған мәселе Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында кеңінен айтылған.

«Біз Алматының құрылысын кешенді схемасын жасау туралы ұсынысты Үкіметке жіберуіміз керек. Бекітілген жоспардың жүзеге асырылуының қаржыландыру көзі мен көлемі мәселесін ҚР Өңірлік даму министрлігімен кеңесіп шешу керек деп ойлаймын», - деді әкім.

Шаһар басшысы, атап айтқанда, Алматы агломерациясының көлік жүйесінің инфрақұрылымдық дамуын, инженерлік коммуникациялары мен құрылымдарының дамуын қамтамасыз ету жайлы тапсырма берді.

«Алматының айналасында бір-біріне қарама-қарсы орналасатын тартылыс орталығын құруымыз керек. Ол аймақтарда өмір сүру мен жұмыс істеуге қолайлы өндіріс орталықтары мен әлеуметтік инфрақұрылым болуы керек. Бұл жерде қаланың ішіндегі жүктемені азайтып, сыртқа қарай көшіру көзделіп отыр», - деді әкім.

Сонымен қатар, әкім бұл мәселеде Алматы облысының әкімімен бірге қарастыру үшін ведомствоаралық комиссия құру қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар