А.Айымбетов Қазақстанның ғарыштық держава екенін әлемге тағы бір мәрте дәлелдеп берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - А.Айымбетов Қазақстанның ғарыштық держава екенін әлемге тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Бұл туралы көкшетаулық ҰОС-ның ардагері Асылбек Дәулетов өзінің пікірін білдіріп отыр.

Оның айтуынша, ғарышты игерудегі әрбір сәтті қадам - кез келген мемлекет үшін үлкен жетістік. Бұл тұрғыда Тәуелсіз Қазақстан Айдын Айымбетов сияқты ұландарының арқасында көш басындағы державалардың қатарынан ойып тұрып орын алады.

«Біз кезінде еліміз үшін, жеріміз үшін күрестік. Отанымыз үшін отқа түстік. Соны жауға бермес үшін қаншама бауырларымыз жанпида болды. Солардың қанымен бүгін Тәуелсіз ел болып, осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстанды бүкіл әлем біледі, таниды. Бүгіндері Қазақстан экономикасы қарыштап дамыған ел ғана емес, білім мен ғылым саласында да зор көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Әсіресе, еліміздің ғарышты игеруі бұл еліміздің әлем мемлекеттері алдында мәртебесін арттырып, бір төбе жоғары тұрғандығын білдіреді. Осы орайда, Тоқтар мен Талғаттың ізін жалғап, өзінің алдына қойылған маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келген ғарышкер А.Айымбетов Қазақстанның ғарыштық держава екенін әлемге тағы бір мәрте дәлелдеп берді», - дейді А.Дәулетов.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Қазақстанның ғарышкері Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» ракетасымен ғарышқа сәтті ұшқан болатын. Ғарышта болған 10 шақты күннің ішінде отандасымыз еліміз үшін бірқатар маңызды ғылыми зерттеу жұмыстарын ойдағыдай жүргізіп, жерге аман-есен оралған болатын.

Соңғы жаңалықтар