+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

+997: Қазақстанның жаңа телефон коды белгіленді

2021 жылғы 21 қыркүйек 13:54
Бөлісіңіз:
+997: Қазақстанның жаңа телефон коды белгіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жаңа +997 нөмірлі дэф код белгіленді. Сол сияқты ендігі уақытта елімізден сыртқа қоңырау шалғанда шетелдегі адамның телефонында «Қазақстан» деп шығып тұрады. Аталған жаңашылдық туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақсы жаңалық! БҰҰ жанындағы халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады», - деп жазды Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.

«Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді», - дейді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT