96 адам босқын мәртебесін алу үшін Астана әкімдігіне жүгінген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб босқын мәртебесін алу үшін мемлекеттік органға жүгінгендер туралы статистикалық мәліметті айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қорғау басқармасы босқын мәртебесін беру бойынша жұмыс жүргізуде. Қазір бізге 96 адам жүгінді. Олардың тек екеуі ғана – Ресей азаматтары», - деді Илья Скуб елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, босқын мәртебесін қарау мәселесін арнайы құрылған комиссия үш ай бойы қарайды.

«Осы екі азамат бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. Жалпы, елордада төрт азаматқа босқын мәртебесі берілді. Олардың екеуі – ҚХР азаматтары, тағы екеуі – Ауғанстан азаматтары», - деп қосты спикер.

Бұған дейін Астана қаласының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұханбет жыл басынан бері Астанаға қанша шетелдік азамат келгенін жариялаған еді.

Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар келушілері туралы Ішкі істер органдарына хабарлауы тиіс. Заң бұзғандарға айыппұл қарастырылған.



Соңғы жаңалықтар