Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

95 жастағы ардагер полицей жастарға тәлім беріп жүр

2019 жылғы 19 маусым 07:10 701
Бөлісіңіз:
95 жастағы ардагер полицей жастарға тәлім беріп жүр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, ішкі істер саласының ардагер полковнигі Құрмат Рахимов 95 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқсанның бел ортасына келген сала ардагерін Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев пен ішкі істер органдары және ҚР Ұлттық ұланының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев құттықтап қайтты.


95 жастағы ардагер полицей жастарға тәлім беріп жүр
«Тағдыры да,өзі де өте ерекше адам». Жанарбек Бақтыбаев аға буын өкілін жалғыз ауыз сөзбен осылай сипаттайды. Майдангер Құрмат Рахимов Литва мен Беларусь елін азат етуге атсалысып, Кенигсбергті алуға қатысты. «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін де Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп, Түрікменстан-Иран, қазақ-қытай, совет-жапон, совет-америка шекарасын күзетті.  1981 жылы ШҚО ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары лауазымында жүріп зейнетке шықты.


95 жастағы ардагер полицей жастарға тәлім беріп жүр
«Облыс орталығында қызметте жүргенде полковник шеніне дейін көтерілді. Әсіресе, мамандарды іріктеуге асқан жауапкершілікпен қарайтын. Құқық саласының қызметкерлері барлық істе мінсіз болу керектігін қарамағындағы сақшылардың құлағына үнемі құйып отырды. Ол ішкі істер қызметінің аяқтан тұрып, дамуына қомақты үлес қосты», - дейді Жанарбек Бақтыбаев. 

Мерейтой иесі ғасырға жуық жасаса да жігерін жоғалтпаған.

«Ішкі істер ардагерлері кеңесінің мүшесі ретінде жастарды тәрбиелеуге елеулі үлес қосып жүр. Мектеп оқушыларымен, студенттермен жиі кездесіп тұрады. Қатардағы сақшыларға да тәлім беруден жалыққан емес», - дейді әріптесі Нұрлыбек Үдербаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT