95 кәсіпорында 1,5 млрд теңгеден асатын жалақы қарызы бар - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 95 кәсіпорнында 8,2 мың жұмыскердің алдында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 24 нұсқама беріліп, 3,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 948 млрд теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар