92 жастағы Тунис президенті ауруханаға жатқызылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тунис президенті Бежи Каид ас-Себси сәрсенбі күні дерті асқынып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Reuters.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, 92 жастағы мемлекет басшысы әскери госпитальға орналастырылған. Оның қандай жағдайда екендігі туралы ақпарат жоқ.

Маусым айының соңында ас-Себси денсаулығының күрт нашарлауына байланысты бірнеше күн ауруханаға жатқызылған еді.

Ас-Себси 2014 жылдан бері Тунис президенті лауазымында.

Соңғы жаңалықтар