92 жастағы Махатхир Мохамад Малайзияның премьер-министрі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 92 жастағы Махатхир Мохамад әлемдегі ең қарт премьер-министр болды. Ол басшылық еткен оппозиция Малайзия тәуелсіздігін алғалы бері алғаш рет парламент сайлауында жеңіске жетті. Оған ел парламентіндегі 222 депутаттың 176-сы дауыс берді, деп хабарлайды euronews.

Нәтиже жарияланғаннан кейін, жеңімпаздар елде 60 жыл бойы билік еткен «Ұлттық фронт» коалициясының ізіне түспей, сондай-ақ бұрынғы премьер Наджиб Разактан кек алмауға уәде етті.

Кетіп бара жатқан премьер жалпы сайлаудың нәтижесін мойындады.

«Мен халықтың таңдауын қабылдаймын. «Ұлттық фронт» парламенттік демокрация қағидаларына шынайы берілген», - деді Наджиб Разак.

Үш жыл бұрын премьер құрған 1MDB мемлекеттік инвестициялық қорға байланысты жанжал туындаған. БАҚ-та 4,5 млрд доллардың мақсатсыз пайдаланылғаны туралы ақпарат жарияланғаннан кейін тергеу басталған еді.

 

Соңғы жаңалықтар