91 жастағы зейнеткердің қол жүгінен 4,5 келі кокаин табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда қол жүгінен есірткінің ірі партиясы табылған 91 жастағы зейнеткер сот алдында жауап береді. Полицейлер сабынның 37 бумасында 4,5 келі кокаин болғанын хабарлады.

Ұсталған қария өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұл жүкті Ғаламтор арқылы танысқан белгісіз адамдар беріп жібергенін баяндады. Айтуынша, ұшақтың ұшар сәті алдында олар мұның қолына Автралиядағы достарына арналған сыйлықтар салынған пакетті ұстатқан.

91 жастағы ер адам Нью-Делиден келді, ол Сидней әуежайында ұсталды. Есірткінің ірі партиясын тасымалдағаны үшін күдікті өмірінің соңынан дейін түрмеде отыру жазасына кесілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар