900 мыңға жуық қазақстандыққа 42 500 теңгенің төлемі берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 889 мыңнан астам қазақстандық 42 500 теңге біржолғы төлемін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1,5 млн мың өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 121 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 889,5 мың қазақстандыққа аударылды», делінген хабарламада.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады.

1 миллион 509 мың өтінімнің ішінде:

– 755,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 363,7 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;

– 109,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 280,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде: 755,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); 58,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; 695,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын тұлғалар).

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантин жариялануына байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі.

16 шілдеден бастап БЖТ төлеуші адамдар үшін SMS хабарлама жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.

18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; Telegram bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаcы мен интернет ресурстары арқылы өтінім бере алады.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі SMS-ке берілген жауап автоматты түрде өтінім беру болып саналады.

17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінім қабылданады.

Жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беруі тиіс. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініш 19 шілдеден бастап қабылданады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар