900-ден астам киік мүйізін сатпақ болған Ақтөбе тұрғыны бес жылға сотталуы мүмкін

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының полицейлері 900-ден астам киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Самара – Шымкент тасжолында 41 жастағы жүргізуші тізгіндеген Ваз-2110 көлігін тоқтатты.

Жолаушылар отыратын орынның жанында 61 жастағы ер адам болған. Полицейлер көліктің жүксалғышынан ақбөкен мүйізі бар 7 қорапты тапты.

Жолаушы қораптардың өзіне тиесілі екенін және мүйіздерді сатқысы келгенін түсіндірді.

Қораптарда 765 дана киік мүйізі болды. Сонымен қатар, ер адамның тұрғылықты жерінен тағы 184 киік мүйізі тәркіленді.

Барлығы 949 дана киік мүйізі алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.



Фото: polisia.kz




Соңғы жаңалықтар