90 жылдары халықтың үштен бірі кедейлік шегінде еді - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кеңесінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 11 миллиардтан 170,5 миллиард АҚШ долларына дейін өсті. Егер 90 жылдардың басында халықтың үштен бірі кедейлік шегінде болса, қазір бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27% жетті, алғашында бізде жеке меншік болмаған еді. Біз 300 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Осы жылдар аралығында Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір нығайта алдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Тұңғыш Президент Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар