9 жылда елімізге 184 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды - Ә. Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Әлемдік экономика бойынша тікелей шетелдік инвестицияның құлдырау үдерісі орын алып отыр. Мәселен, 2007 жылы әлемде 2 трлн. долларға жететін тікелей инвестициялар болса, 2012 жылы 1,3 трлн. доллар қалды. 2013 жылы жағдай түбегейлі өзгере қойған жоқ. Бүгін Үкімет отырысының қорытындыларына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті.

«Бұл тікелей шетелдік инвестицияға қатысты жағдай дамушы елдерге де, дамыған елдерге де қатысты. Соның ішінде БРИК, Қытай мен Ресей секілді біздің көршілеріміз де шетелдік инвестицияның тұралауын бастан кешіп отыр, соның ішінде соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіш қалыптасты», - деді Ә. Исекешев. Министрдің айтуынша, Елбасының инвесторларды ынталандыруға қатысты саясатының арқасында Қазақстан соңғы мәліметтер бойынша шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы жағынан алдыңғы 20 елдің қатарына енеді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумның және Дүниежүзілік банктің рейтингі бойынша Қазақстан инвестиция тартуда өңірдегі көшбасшылықты сақтап тұр. «2005 жылдан бастап елімізге 184 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Оның ішінде 55 пайызы, яғни 100 млрд. доллардан астамы соңғы төрт жылдың еншісіне тиеді», - деді Ә. Исекешев.

Соңғы жаңалықтар