9 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

11.00-де адамдардың мұзда қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті көшпелі брифинг өткізеді.

Іс-шара барысында апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің көрнекі көрсетілімі түрінде профилактикалық іс-шара, мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару кезіндегі іс-қимыл бойынша көрсетілім ұйымдастырылады.

12.30-да орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикер: Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook

14.30-да орталық коммуникациялар қызметінде ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдайы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ фармацевтикалық саясат департаментінің директоры Александр Костюк.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook

16.00-де «Астана Опера» үлкен залының фойесінде «Дала аңызы» балетінің премьерасына орай онлайн-баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратында «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Еркебұлан Нұғымановтың ұйымдастыруымен 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Жемқорлықсыз болашақ» атты республикалық семинар өтеді.

АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Жабайы табиғаттың орнына жабайы нарық» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де аймақтық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Жандарбек Бекшиннің қатысуымен брифинг өтеді.


Соңғы жаңалықтар