9 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 9 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8:00-де Үкіметтің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және 2021 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралады. Тікелей көрсетілім –PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар

9.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады. Тікелей көрсетілім www.senate.parlam.kz сайтында көрсетіледі.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Президент Жолдауын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының музейінде «Егемен Қазақстан» республикалық газеті дайындаған «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевқа арналған «Кемел ойдың – кемеңгері» атты еске алу кеші өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының жолдауы аясында Шымкент қаласының дамуы туралы» баспасөз конференциясы өтеді. Тікелей эфирге сілтемелер: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де-мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баспасөз туры өтеді. Онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері жүргізуші куәлігін рәсімдеу және емтихан тапсыру кезіндегі жаңалықтар туралы айтып береді.

16.30 -да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметі туралы» баспасөз конференциясы өтеді. Тікелей эфирге сілтемелер: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


Соңғы жаңалықтар