USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

9 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 9 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
9 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 9 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
18 қаңтар. Туған күн иелері 18 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі 17 қаңтар. Туған күн иелері

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы 1 қарашада Бас Ассамблея қабылдаған БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат бойынша оған қол қойған мемлекеттер пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауға міндеттеледі. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды.

Халықаралық геноцид құрбандарын еске алу, олардың ар-намысына құрмет көрсету және осы қылмыстың алдын алу күні

2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы Арменияның бастамасы бойынша 9 желтоқсанды Халықаралық геноцид құрбандарын еске алу, олардың ар-намысына құрмет көрсету және осы қылмыстың алдын алу күні деп белгіледі. 1948 жылы 9 желтоқсанда Бас Ассамблеяның Геноцид қылмысының алдын алу және оны жазалау туралы конвенциясы қабылданғандықтан осы күн таңдалып алынды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгерді.

1996 жылы Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

1997 жылы Тегеранда ислам әлемінің экологиялық апаттардан зардап шеккен аймақтарына: Арал теңізінің бассейні мен Семей ядролық полигон аймағына көмек көрсету туралы қарар қабылданды.

2008 жылы Қарағандыда ұлы Абайға арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш авторы - мүсінші Асқар Нартов. Биіктігі бес метрлік мүсін Қарағанды облысының көркемдік-өндірістік комбинатында құйылған.

2009 жылы Алматыда белгілі кинооператор, халық әртісі, кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышбаевтың 100 жылдығына арналған пошталық маркасы шығарылды.

Ескендір Тынышбаев (1909-1995) – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор. Ол түсірген астам деректі және ғылыми-көпшілік фильмдер Қазақстанның кино өндірісінің алтын қорына еніп, операторлық өнер бойынша оқу құралына айналды.

2010 жылы Кеден одағы Жоғары органының отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Республикасы Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті - Дмитрий Медведев «Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы» декларацияға қол қойды.

2011 жылы Польша Республикасында «Польша поштасы» ұлттық компаниясы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай арнаулы пошта маркаларын шығарды. Еліміз аумағының контуры түсіріліп, қазақтың ұлттық оюымен безендірілген марканың бетіне «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» деп жазылды. Мерейтойлық марка 500 мың данамен шығарылды, номиналы 2,40 злотых болды.

2013 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаев отбасы мен некенің адамгершілік құндылықтарын, оң әсерін насихаттау, отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу туралы өкімге қол қойды.

2015 жылы Алматыда ҚР Спорттық оқ ату федерациясы Президентінің кубогында пневматикалық қарудан оқ атуда Қазақстан Республикасының жаңа рекорды орнатылды. Оның авторы - ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының армиялық спортшысы Юрий Юрков. 10 метр қашықтықта атқыш 624,4 ұпай жинап, Әзербайжанда өткен 2015 жылғы әлем кубогында орнатқан алдыңғы 622,9 ұпайынан асып түсті.

2016 жылы Қазақстанның үш ұлттық театрына кәріс, неміс және ұйғыр театрларына академиялық театр мәртебесі ерілді.

2016 жылы Ақтауда Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелеріне арналған алғашқы әскери пирс ашылды.

2016 жылы бес дүркін Олимпиада чемпионы, танымал кеңес гимнастшысы Нелли Ким АҚШ және Женевада Қазақстан халқы Ассамблеясынан әлем елшісі атанды.

2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецкое ауылының маңында көне жерлеу орны табылды.

Егде жастағы әйелдің сүйектерімен бірге балықтар бейнеленген күміс айна, былғары қораптың қалдықтары, қайшылардың сынықтары, ағаш тарақ және тостағанның сынықтары мен темір біліктер болды. Табылған заттың қай кезеңге жататынын ғалымдар анықтауда.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу бойынша зертханалық сынақ орталығы ашылды. Орталықтың ашылуы Қазақстан аумағына контрафактілік және жалған медициналық бұйымдарды әкелудің жолын кесіп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

2020 жылы Ұлытауда бүкіл түркі жұртының киесі саналатын Көкбөрі ескерткіші бой көтерді. Ол Ұлытаудан 35 шақырым жерде – Жезқазғанға апаратын жол бойындағы жолаушылар тыныстайтын «Күмісбұлақ» демалыс орны аумағында орнатылды. Бұл – әлемде осындай сипаттағы әрі осындай көлемдегі тұңғыш ескерткіш. Оны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу шаралары қабылданды. Тұрқы аса тартымды нысанның идея авторы әрі мүсіншісі – Еуразия Дизайнерлер одағының мүшесі Амантай Меңдіғалиев. «Ұлытау Көкбөрісі» атауы телінген еңселі ескерткіштің биіктігі – 9,70 метр, оның ішінде мүсіннің биіктігі – 6 метр, ал тұғыры - 3,70 метр. Көкбөрі мүсінінің жеке салмағы 2 тонна болса, тұғырымен қоса есептегендегі салмағы – 5 тонна шамасында. Ішкі құрылымы темірден әзірленіп, жалпы бітімі 60 градус аяз бен ыстыққа дес бермейтін пластик материалдан құйылып жасалған.

2020 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тізіміне «Ақкөл», «Арал теңіз», «Атбасар», «Ырғыз», «Қазалы», «Михайловка», «Түркістан» және «Жаркент» метеостанциялары енгізілді.

Қазақстанда ғасырлық бақылау тарихы бар 35-тен астам метеорологиялық станция жұмыс істейді. Қазақстанның барлық жүз жылдық метеостанцияларын әлемдік қоғамдастық кезең-кезеңімен мойындайтын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT