+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

9 жастағы нидерландылық вундеркинд университет дипломын алған ең жас түлек атанбақ

2019 жылғы 13 қараша 07:34
Бөлісіңіз:
9 жастағы нидерландылық вундеркинд университет дипломын алған ең жас түлек атанбақ

АМСТЕРДАМ. ҚазАқпарат - 9 жастағы нидерландылық вундеркинд Лоран Симонс бірнеше айдан соң Эйндховендегі Техникалық университетті тәмамдайды. Осылайша ол жоғары оқу орнының дипломын алған ең жас түлек атанбақ, деп жазады ВВС.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты Бектас Бекназаров Білім министріне: Реформалардың санын емес, сапасын арттыру керек

Әзірше бұл атақ 10 жасында Алабама университетін бітірген америкалық Майкл Карниге тиесілі.

Лоран Симонс электротехника факультетінде оқиды. Университетке ол небары бір жыл бұрын түскен. Ал оған дейін орта және жоғары сынып оқушылары меңгеруі тиіс алты жылдық білім бағдарламасын 1,5 жыл ішінде меңгеріп, 8 жасында орта білім алғаны жөнінде аттестатқа қол жеткізген.

Жазғы демалыстан кейін ол университетте білімін жалғастырды. Мұнда да жас талант оқу бағдарламасын өзімен бір топта оқитын студенттерден жылдамырақ меңгеріп кетті.

Баланың IQ-і — 145, ол керемет есте сақтау қабілетіне ие. Лоранның айтуынша, оның сүйікті пәні — математика, себебі ол статистика, геометрия және алгебраны қамтиты.

Зейінді жас болашақта кардиохирург болғысы келеді. Ол мектепте оқып жүрген кезінде Амстердам университеті медициналық факультетінің медицина курсын оқып алған екен.

Лоранның анасы Бельгияда туған, ал әкесі голландиялық азамат. Өзі Бельгияда өмірге келген. Қазір отбасымен Нидерландыда тұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT