9 жасар қызға зорлық көрсеткен алматылық 20 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 9 жасар қызға зорлық көрсеткен алматылық 20 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу материалында көрсетілгендей, 2015 жылы 23 маусымда Н. есімді ер адам мас күйде 9 жасар қыз баланы алдап, бейіт аумағына алып келген. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолдана отырып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған. Дегенмен, сотталушы мас күйінде болғандықтан, қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген. Кейін қылмыскер жәбірленушінің алтын сырғасын жұлып алып, бос құмырамен қыздың басынан бірнеше рет ұрған. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы сотталушыны ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 192-бабы 1-бөлігі, 106-бабы 2-бөлігі 11) тармағымен кінәлі деп тауып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталушының мүлкі тәркіленіп, білім беру және тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Соңғы жаңалықтар