9 түркістандық шетелден әкелген көлігін заңдастырды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 23 қаңтар күні Түркістан облысында 9 адам шетелден әкелген көлігін заңдастырып, жаңа нөмір алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, бірреттік акцияның алғашқы күнінде талапқа сай келген 9 көлік барлық тексеруден өтіп, мемлекеттік нөмір берілді.

Тіркеуден өткен автомашиналардың жетеуі – Ресей Федерациясынан, екеуі Армениядан әкелінген. Көліктердің алтауының маркасы – Nexia.

Жалпы таңертеңнен кешке дейін Түркістан облысындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына 150-ден астам азамат өтініш берген.

Айта кетейік, Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру 5 жерде жүргізіліп жатыр - Түркістан қаласындағы және Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарындағы мамандандырылған ХҚО-ларда.



Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті

Соңғы жаңалықтар