9 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы, 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының халықпен кездесулерінің қорытындысы.

Трансляция PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.

11.00-де Есіл ауданының полиция басқармасында елордада қоғамдық тәртіпті сақтау және «Учаске» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысы туралы брифинг өтеді.

Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық: еріктілер көмегі және жыл бойы пойызбен тегін жүру» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Адиева Альфия Дәулетқалиқызы; «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Миронюк Татьяна Александровна.

Көрсетілім сілтемелері: youtube , facebook .

19.00-де Asia Park Astana сауда-ойын-сауық орталығында «Самурай ит және мысықтар қаласы» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді.


Соңғы жаңалықтар