+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

9 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

2020 жылғы 9 шілде 03:36
Бөлісіңіз:
9 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 9 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауа райы: Еліміздегі 9 облыстың аумағында аптап ыстық болады Алматыда аптап ыстық болады Ауа райы: Алдағы үш күн елімізде жаңбыр жауады

Ауа ағынының әсерінен 9 шілдеде Қазақстанның шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, ал ел аумағының қалған бөлігінде – жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі, оңтүсті -шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз оңтүстігінде, Маңғыстау облысында, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде күндіз аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде Алматы, Қарағанды, облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT