9 шілдеде Астанада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 9 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де «Транспорт Тауэр» ғимартында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы энергоүнемдеуші жобаларға қаржылық қолдау тетіктерін құруға арналған Келісімді іске асыру жөнінде брифинг өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан және Ресей аумағымен өтетін веломарафон аясында Еуропаның 22 велосаяхатшысы Астанаға келеді.

Олар «Бәйтерек» монументі алдында БАҚ өкілдерімен кездесіп, веложарыстың мақсаты, одан арғы бағыты және Қазақстан мен Ресей территориясы бойынша саяхаттан алған әсерлері туралы айтып береді.

Велосипедшілер үш айда екі ел аумағымен 10 мыңнан астам шақырымды еңсереді деп күтілуде. 

 

Соңғы жаңалықтар